Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Бизнестің басты талабы – табандылық

8 қараша 2016 ж., 11:34

Көкшетаулық Жансұлу Мақсұтова бала күтіміне байланысты демалыста отырған кезде кәсіпкерліктің алғашқы іргетасын қалады деуге болады.

«Әу баста мен үй отырып жұмыс істеуге болатынын білмедім де. Иваново өндірген төсек жабдықтарын интернет желісі арқылы сата бастадым. Бірте-бірте саудам қызып, түсім көбейе бастады. Осыны байқаған төсек жабдықтарын жеткізушілер маған сауда орнын ашуды ұсынды. Бұл тауар түрінің жақсы өтетінін көріп мен де келісім бердім. Сөйтіп, тоқыма бұйымдарын сататын дүкенді жалға алдым",-деп еске алады Жансұлу.

Сондай күндердің бірінде Жансұлу Кәсіпкерлерге Қызмет көрсету Орталығына салық төлеу мәселелері бойынша кеңес алуға келгенде, кеңесшілер кәсіпкерге өз ісін ашуға кеңес беріп, және тігін бизнесі экономика секторының басым бағыттарының бірі екенін айтады және мемлекет тарапынан қандай қолдау түрі бар екенін түсіндіріп береді. Бұл идея Жансұлуға қатты ұнады, оның үстіне жеткізушілермен байланыс орнатылған болатын. Сатылым барысында да қиындық тумайтынын коріп мемлекттік қолдау түрін пайдалануға шешім қабылдаған.

Бастапқы кезеңде кәсіпкер цехты жалға алып, бір тігіншімен жұмыс бастады. Бірте-бірте жаңадан құрылған «GalaTex» маркалы төсегі қала тұрғындарына ұнап, айналымы өсе бастады. Қазір Жансұлу жеңілдікпен алған несиесін айналым қаражатын толықтыруға пайдаланды. «Даму» Қоры кәсіпкер үшін банк алдында кепілдік беріп, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде де қолдады.

«Табыс табуды қомақты қаражатсыз да бастауға болады. Менің табысымның тарихы осыны тағы бір рет дәлелдейді. Бизнестің басты талабы – табандылық»,-дейді Жансұлу Мақсұтова.