Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

11 қараша күні Қазалы ауданында алғаш рет «Қазалы Инвест» инвестициялық форумы өтеді

9 қараша 2016 ж., 11:50

11 қараша күні Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде «Қазалы Инвест» инвестициялық форумы өтеді. Форумда аймақтағы шағын және орта бизнес, туристік кластер, агроөндірістік кешен мен ауылшаруашылық кооперация секілді салаларды дамыту, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар аясында жобаларды жүзеге асыру сияқты тақырыптар талқыланатын болады.

Форум барысында қатысушылар «РЗА» АҚ ірі қара мал бордақылау цехы, «Сыр маржаны» ЖШС және «Қазалы конфеті» секілді табысты кәсіпорындардың жұмысымен таныса алады.

Форум спикерлері:

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ким Евгений Германұлы

Қазалы ауданының әкімі Шамұратов Нажмадин Шакизадаұлы

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиал директоры Матаев Жансұлтан Орынбекұлы

Іс-шара барысында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған жергілікті кәсіпорындар өндірген өнімдердің көрмесі өтеді.


Өтетін мекен-жай: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Р.Бағланова атындағы мәдениет үйі

Өтетін күні мен уақыты: 11.11.2016ж, басталуы сағат 9.00-де.

Ақпарат телефондары: +7 7242 55-11-18. +7 72438 23-8-17.