Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

8 қарашада «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихат пойызы Павлодар қаласына келді

9 қараша 2016 ж., 18:03

Павлодарлықтар пойыздағы мамандардан әлеуметтік мәселелер, бизнесті қолдау және ауылшаруашылық, білім, денсаулық сақтау және т.б. мәселелер жөнінде кеңестер алды. Бизнесті мемлекет тарапынан қолдауға және ауылшаруашылыққа қатысты мәселелер бойынша кеңестерді «Даму» Қоры АҚ аймақтық филиалының, Павлодар облысының Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының, сондай-ақ Ауылшаруашылық басқармасының өкілдері жүргізді.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің ресми өкілі Әлібек Есенқұлов: бұл пойыз – өкімет пен халықтың арасындағы ерекше көпір,-деп атап өтті.

9 қарашада Екібастұз қаласының тұрғындары да насихат пойызының жолаушыларынан кеңес алды.

Жалпы еліміздің қалалары мен ауылдарында 270 өкіл саяхаттауда. Насихат пойызының сапары 43 күнге созылады, және 35 қала мен елді мекенде болып қайтады.