Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Рост-Трейд-Компани» ЖШС жетістігі

9 қараша 2016 ж., 18:22

«Рост-Трейд-Компани» ЖШС компаниясының негізі 2007 жылы қаланған. Негізінен Белорусь елінің жетекші авто зауыттарынан көліктер мен арнайы техника алып келумен айналысады.

Компания өз қызметін кеңейтіп, жалға төлеу шығындарын азайту мақсатында 2015 жылдың басында кеңсе құрылысын бастады. Өз қаражаты жеткіліксіз болғандықтан, мекеме жобаны аяқтауға 30 млн теңге сомасында несие алу үшін «Альфа Банк» АҚ ЕБ көмегіне жүгінді.

«Несие алу кезіндегі мекеменің ең басты мақсаты – шығындарды азайту және несиені тиімді шартпен алу. Сонымен қатар, қарыз алу кезіндегі ең басты кедергі - кепілдіктің жеткіліксіз болуы. Осының барлығы бізді «Даму» Қорының мемлекеттік бағдарламасына қатысуға итермеледі,-дейді компания директоры Самат Термірханұлы.

Қазіргі таңда компания несиені жылына 19%–бен алып отыр. Оның 9 пайызын мемлекет өтейді, ал кепілдік маселесін «Даму» Қорының кепілдендіру бағдарламасы шешіп, несиені тиімді шартпен алуға комектескен.