Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихат пойызы Семейге келді

9 қараша 2016 ж., 10:21

Семей қаласына 6 қараша күні «Тәуелсіз Қазақстан» атты ақпараттық-насихат пойызы тоқтады. Делегаттар құрамына түрлі сала мамандары кіреді.

 

Делегация мүшелері өз салалары бойынша кеңестер берді. Семей қаласының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында « «КазАгро» ҰБХ АҚ өкілі Көбайдаров Мұрат пен ҚР ҰКП өкілі Өмірзақ Ерлан Әділұлы кәсіпкерлерге кеңес берді.

Пойыз жексенбі күні келгеніне қарамастан, мамандармен кездесу үшін халық көп жиналды. Ауылшаруашылық кәсібі үшін жер бөлу, бизнесті несиелендіру, мал шаруашылығына субсидия алу және басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңес берілді.

Кеңес беріп болған соң келген мамандар Семей қаласындағы «Даму» қорының және ҰКП мамандарымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында келуші «КазАгро» АҚ өкілдердеріне Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында консультациялық көмек ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті. Себебі көпшілік аталған компанияның бағдарламасына қызығушылық танытуда.

Еске сала кетейік, бұл пойыз 1 қараша күні Астана қаласынан бастау алды. Шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнайы ұйымдастырылған.