Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Дәмді бизнес» түрін дамытқан кәсіпкер

10 қараша 2016 ж., 18:24

«Құлымбаев Санжар Мұхитұлы» ЖК табысты кәсіпкерлікті Іле ауданының Өтеген Батыр кентінде 2011 жылы полиграфиялық орталық ашудан бастады. Аудан орталығындағы салық комитеті мен мектеп жанында жалдаған ғимаратта орналасып, кәсіпкер тұрақты табыс табуды бастаған болатын.

Осылайша, бизнесмен өзінің алға қойған көп мақсаттарына біртіндеп жақындай бастаған болатын. Сол мақсаттарының бірі «Фабрика вкуса» атты фирмалық кулинарлық және кондитерлік өнімдерді сату дүкені еді.

Кәсіпкер Санжар Мұхитұлы алдымен сауда жабдықтары, тоңазытқыш витриналар, шкафтарды, аспаздық және кондитерлік қызмет үшін қажетті жиһаздар сатып алды.

«Аталған сауда орталығы шағын парк– аттракциондар аумағында орналасқан. Өйткені, Өтеген батыр кенті ауданының әкімшілік орталығы. «Фабрика вкуса» жанында көптеген мемлекеттік және жеке ұйымдар орналасқан. Тиісінше, түскі уақытта өнімге жоғары сұраныс туады. «Даму» Қорының арқасында мен бұл бизнесті аяққа тұрғызып қана қоймай, болашақта тың идеяларды да жүзеге асырамын,-дейді Құлымбаев Санжар.

Банк алдында кепілзаты жетіспегендіктен, кәсіпкерге «Даму» Қорынан несие сомасының 50% мөлшерінде кепілдік мақұлданды, Кейіннен пайыздық мөлшерле субсидияланды.

Кәсіпкердің тәттілері халық арасында үлкен сұранысқа ие. Өйткені кәсіпкер әрқашан өнімнің сапасы мен тамаша сервис үшін жұмыс істейді. Кулинарлық және кондитерлік өнімнің 70-ден аса түрі бар.