Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қостанайда ағаш өңдеу саласында қызмет ететін кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау көрсету бойынша семинар өтеді

10 қараша 2016 ж., 18:29

15 қарашада «Даму» Қоры ағаш өңдеу саласында қызмет ететін кәсіпкерлерді шағын және орта кәсіпкерлік бойынша бағдарламалардың шартын түсіндіру бойынша семинарға қатысуға шақырады.

Семинар аясында «БЖК 2020» бизнесті қолдау және дамыту Бірыңғай бағдарламасы, «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша таныстырылым өтеді.

«Бизнесті дамыту үшін грант алу тетігі» таныстырылымын Еуропа қайта құру және даму банкінің сарапшысы Анастасия Малиновская өткізеді.

Сондай-ақ семинарда «Бизнес Адапт» компаниясының жаттықтырушысы Светлана Дубовская семинарға қатысып, «Ұйымның қаржылық моделі» атты шеберлік сабағын өткізеді.

Өткізілетін күні және орны: 2016 ж. 15 қарашасы Қостанай қаласы әл-Фараби даңғылы 65, «Бизнес орталығы» 2 қабат, 705 бөлме.

Өткізу уақыты: сағат 16.00 ден 18.00 дейін.

Қосымша ақпарат алуға және жобаға қатысуға өтінім тапсыру үшін мына телефондар арқылы хабарласыңыздар: 8 (7142) 990 300, 54 15 83