Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Ақтау қаласында туризм саласындағы кәсіпкерлерге арналған семинар өтті

11 қараша 2016 ж., 10:48

9 қараша күні Ақтау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында туризм саласындағы ұйым басшыларына арналған семинар өткізілді. Семинар Маңғыстау облысында туристік бизнесті қаржыландыруға бөлінген бағдарламаны тиімді жүзеге асыруға бағытталды.

Болгария елінентТуризм саласындағы арнайы шақырылған сарапшы мамандар Соня Энилова мен Астаналық Қалдыгүл Канапина семинарда дәріс оқыды.

Семинардың басты тақырыптары:

  • туризм, туристік өнім және туристік инфрақұрылым;
  • мүдделі тараптар және олардың рөлі, туризм саласындағы қызметтерді әр түрлі өкілдер жүзеге асырады, бұл қонақ үйлер, мейрамханалар, мұражайлар, туроператорлар, қорықтар, олардың рөлі, сондай-ақ олардың бір-бірімен өзара байланысы;
  • азық-түлік және сусындар, мейрамханалар мен кафелерге қойылатын жалпы талаптар;
  • орналастыру түрлері және олардың талаптары, орналастырудың қандай түрлері болады, қонақ үйлер, хостелдер және т. б., сондай-ақ олардың жұмысына қойылатын талаптар;
  • туризм саласындағы маркетинг;

Семинар-тренингтің негізгі мақсаты Маңғыстау облысындағы туризм саласындағы бизнес мәселелерін талдап, тізбекпен ұйымдастыруға бағытталған және туризм Ассоцияциясын құру арқылы ұйымдар арасында жүйелі, тиімді жұмыс орнату.

Қатысып отырған кәсіпкерлер Маңғыстау облысының туризм саласын қолдауға бағытталған қаржыландыру бағдарламасы жайында (Жергілікті атқарушы орган және "Даму" Қоры) бөлген қаржы жайында ақпарат алды. Сонымен қатар, семинар қатысушылары туризмді жандандыру мен процесін жақсарту дамыту жөнінде өз ұсыныстарымен бөлісті.

Тренингте миға шабуыл технологиясы қолданылды, қатысушылар 3 топқа бөлініп, командалық ойындар ұйымдастырылды. Әр топ өз бизнес жағдайына байланысты ұсыныстар мен мақсаттарын ұсынып және инновация табуға міндеттелді. Ойын жұмыс үрдісін барынша құрылымдауға және ұйымдастыруға тиімді көмектесті, қатысушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін ынталандырып, жаңа идеяларға шабыттандырды.

Жандандыру мақсатында материалды әр – түрлі формалары мен әдістермен беріп: аудиторияға сұрақтар қою арқылы, миға шабуыл жасау, шағын лекция, топтық жаттығулар, коучинг әдісі қолданылды. Сонымен қатар түскі ас және екі мезгіл кофе-брэйкпен қамтамасыз етілді.

Семинар қатысушыларының әрі қарай жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырушылар үлестірмелі материалдарды таратқан болатын.

Семинарға туризім саласының әр – түрлі секторы бойынша 20 – дана аса кәсіпкері қатысты. Оның ішінде қонақ уй бизнесі, қонақ жай, мотель, траспортық серіктестік, шағын дәмхана, мейрамхана, химиялық тазарту салаларындағы кәсіпорын басшылыры қатысты.

Семинар ЕуроОдақ жобасының Маңғыстау облысындағы өкілі қолдаумен ұйымдастырылды. Семинарды қортындылай келе «Даму» Қорының кеңесшісі Орынгалиев Ордабек Сатиманұлы Маңғыстау облысындағы туризім бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге презентацияны толық түсіндіріп, кәсіпкерлердің барлық сұрақтарына жауап берді.