Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының көмегімен бизнес ашқан кәсіпкер болашағына сенімді

11 қараша 2016 ж., 15:49

Алматылық Дулат Дүйсенбаев санитарлық бизнеспен айналысады. Ол бұл саланы басқа бизнеске қарағанда тиімді әрі бәсекелестігі аз болғандықтан тандаған. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасының қатысушысы Дулат басында толықтай санитарлық шаралармен айналысуды ойламаған. Бұл істе қандай пайда түседі, нендей қиындықтары бар екенін тексеріп көру мақсатында алдымен арнайы техника сатып алған. Жарты жыл өткен соң қызмет көрсету сапасын ұлғайтатын ой келді. Ол үшін техника және құрал жабдық сатып алатын қосымша қаражат қажет болды.

- «Өз бизнесімді ары қарай дамыту жайлы кеңес берген достарымнан мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша техника сатып алуға арналған несиелер бар екенін білдім. Оның алдында банктегі несиелердің пайызы қымбат болғандықтан, ешқашан қарыз алып көрген емеспін. «Даму» қорының анықтама телефоны бойынша мемлекет тарапынан қандай қолдаулар бар екенін білуге хабарласқанымда, олар мені кәсіпкерлерді қолдау орталығына шақырды. Бұл жерде маған еліміздегі барша кәсіпкерлерге арналған тиімді бағдарламаларды түсіндіріп, маған ең ыңғайлысын таңдап берді. Сөйтіп мен келесі күні кәсіпкерлерге қолдау бағдарламасы бойынша несие алуға банкке бардым. Сөйтіп «Даму - өңірлер 3» бағдарламасы бойынша 14%-бен мен 2 несие алып, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 7% субсидия алдым. Айтпақшы таң қалғаным, бірінші несием «Даму блиц» технологиясы бойынша жылдам берілді,- дейді кәсіпкер Дулат.

Кәсіпкер несие қаражатына арнайы 2 Камаз сатып алып, 2 адамға жұмыс тауып берген. Несие алу барысында кедергілер банк қызметкерлерінің біліктігіне байланысты ғана туындады деген ол бірінші несие «Даму блиц» технологиясы бойнша 3 жұмыс күннің ішінде берілгенін «Даму» Қоры және АҮК тарапынан ешқандай қиыншылық туындамағанын айтады.

- «Мемлекеттік субсидиялар несиемнің пайыздарын азайтып бизнесімнің дамуына үлесін қосты. 2016 жылы мен екінші техника сатып алу жайлы ойламап едім, бірақ жеңілдік кезең, несиені айыппұлсыз алдын-ала өтеу, субсидия және басқада ыңғайлы шарттарына орай менің бизнесімнің жақындағы 2-3 жылда қарқынды дамитына сенімдімін,- дейді Дулат.