Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырауда шақпақ қант өндіретін алғашқы зауыт ашылды

11 қараша 2016 ж., 16:28

Әсет Тұяқбаев басшылық ететін «Группа Компании Береке» ЖШС шақпақ қант өндірісіне арналған құралдар алу үшін «Сбербанкке» жүгінген.

43 млн теңге көлеміндегі несиегенің 7%-ын мемлекет субсидиялайды. Ал «Даму» Қорынан 21,5 млн теңгеге кепілдік беріліп, 14 жұмыс орны құрылды.

«Өнім Батыс аймақтарда өндірілмейтіндіктен, Атырауда шақпақ қантты шығаруды шештім. Біздің құралда алдымен қант шәрбаты өндіріліп, кейіннен шақпақ қантқа айналады. Құрал тәулігіне 1 келілік 6000 дана қорап шақпақ қант дайындауға мүмкіндік береді»,-дейді Әсет Тұяқбаев.

Өнемге негізінен ірі супермаркеттер желісі, «Дина» дүкендері мен кәсіпкерлер тапсырыс береді. Тауар сатып алуды клиент Ресей (Астрахань қ.) мен Алматы қаласы арқылы жүзеге асырады.

Болашақта «Группа Компании Береке» ЖШС қант қызылшасын қайта өндіру мен шығарылып отырған тауар түрлерін кеңейтуді жоспарлар отыр.