Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылордада қолөнер шеберлері туындыларының көрме-жәрмеңкесі өтті

11 қараша 2016 ж., 16:41

Көрмеге кәсіби шеберлік идеяны біріктіретін түрлі бағыттарды қолға алған 30-дан аса шебер қатысты. Ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға өз өнімдерін көрсетіп, оларды сатуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ әріптестерімен арасында өзара пайдалы байланыс құрып, жаңа тәжірибелер жинақтауға, өз жұмыстарының кәсіби деңгейін көтеруге де қадам жасалды.

Көрме-жәрмеңкені ұйымдастырудың негізгі мақсаты түрлі қолөнер туындылары мен үй жағдайындағы шығармашылық өнімдерін жарнамалау, шеберлер арасында тәжірибе және білім алмасу, жаңа үрдістерге, жаңа топтамалар мен қолөнер шеберліктерін таныстыру, жасы, жынысы мен ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамастан шығармашылық пен қолөнер мәдениетіне қызығушылығы бар азаматтардың басын қосу, қолөнер мен шығармашылық құндылықтарына сүйіспеншілікті жандандыру болып табылады.

Іс-шараның өтуіне сонымен бірге «Социум -Қызылорда» қоғамдық қорының «Жомарт» қайырымдылық үйінің және «Даму» Қорының, өкілдері де ат салысты.

Жәрмеңкеге өз туындыларын ұсынып, көпшіліктің қызығушылығын тудырғандар қатарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да болды. Солардың бірі «Даму-Көмек» бағдарламасының қатысушысы Несібелі Мүсілімова бірнеше өнімдер жасау жолдарын көрсетті.

- Осындай іс-шараларға қатысу – бізге қосымша табыс көзі мен қоғамға бейімделудің мүмкіндігі,- деп атап өтті Несібелі Мүсілімова. Осыдан бір ай бұрын Несібелі Мүсілімова «Даму» Қоры ұйымдастырған «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту» жобасы бойынша оқыту курсын аяқтаса, бүгінде ол түрлі іс-шараларға белсенді қатыса отырып, шеберлік мастер-кластарын тек өзі секілді мүгедек әйелдерге ғана емес, он екі мүшесі түгел, дені сау бірлестік мүшелеріне де үйретуде.