Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Петропавлда «Бизнестің Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша стоматологиялық кабинет ашылды

11 қараша 2016 ж., 18:08

«Бизнестің Жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы көмегімен Петропавл қаласында «РУС-ДЕНТ» ЖШС стоматологиялық кабинеті жұмыс істей бастады.

«РУС-ДЕНТ» стоматологиялық кабинеті Петропавлдан алыс шағын ауданда ашылды. Енді тұрғындар стоматологиялық көмекті алысқа бармай-ақ ала алады.

"РУС-ДЕНТ" ЖШС инвестициялық жобасын «Deltabank» АҚ арқылы жүзеге асырған. 9 млн теңге несие қаражатына қазіргі заманғы стоматологиялық құрал-жабдықтар сатып алынды. Атап айтқанда: екі стоматологиялық қондырғы креслолармен, рентген аппараты, дистиллятор, қаптаушы және тағы басқалар. «Бизнестің Жол картасы-2020» бағдарламасына қатысушы ретінде пайыздық мөлшерлеме бойынша несие бар-жоғы 7% құрайды. Жоба бойынша 5 жаңа жұмыс орны ашылды.

Бүгін стоматологияда емделушілерге емдеу және протездеу, хирургиялық қызмет көрсетіліп, рентген-кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ балалар стоматологы қызмет көрсетіледі. Болашақта стоматологиялық тізімді халыққа одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.