Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Табыс көзі. Қазақстандық «қағаз қаптары» индустриясы сыртқы рынокті бағындырмақ

23 сәуip 2010 ж., 18:44

«Қағаз қаптары» деген ұғым құлаққа ең алғашында тосын болып естілуі де мүмкін. Бірақ, сәлден кейін қағаз қаптармен қорапталған азық-түлік, үйіңізді жөндеуге арналған материалдардың қораптары көз алдыңызға келетіні сөзсіз. Ал осы бір қарапайым ғана болып көрінетін қағаз қораптары күні кешеге дейін Қазақстанның өзінде шығарылған жоқ десек, бұл жайт сізді аз-кем ойлантуы да ғажап емес. Өйткені, күнделікті тіршілігімізде кәдімгідей орасан рөл ойнайтын қағаз қорап индустриясының елімізде негізі қаланғанына бар-жоғы 2-3 жылдың жүзі болған.

Оны қалауға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры құрамындағы «Даму» Кәсіпкерлікті Дамыту Қорының қосқан үлесі де зор.

Сонымен таныс болыңыздар: ALMAPACK CO. LTD қағаз қап шығару компаниясы Қазақстан нарығында осы өндіріспен айналысушылардың тұңғышы. Ол азық-түлік, көкөніс өнімдерін өндіретін компанияларды, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындарды, агросаладағы және басқа да салалардағы кәсіпорындарды өздерінің өнімдерімен, яки қораптарымен қамтамасыз етеді. Мұндай индустрияны негізінен «индустриялық қораптау» деп атайды. Осы ALMAPACK CO. LTD компаниясының нарыққа келуімен елімізде «индустриялық қораптау» деген ұғым қалыптаса бастады. Естеріңізге сала кетейік, бұрын бұл өнім түрлері тек Ресейдің Карелия аймағынан ғана келетін.

Өз жұмысын 2007 жылы бастаған компания қысқа ғана уақыт ішінде елеулі жетістіктерге жетті.

Былтыр 1млн.200 мың АҚШ долларына өнім өндірілсе, бұл жылы бұл көрсеткіш 2,5 млн.-ға дейін өсті.

Қағаз қораптың әр данасы орташа есеппен алғанда 60 теңгеден аспайды екен. Былтыр компания 4 млн. дана қап шығарса, биылдыққа сәуір айын қосқанда 2 млн.қап шығарылып үлгірген.

Тіпті, сыртқы рынокті де «жаулай бастаған». Өткен жылдың соңында Қырғызстанға өнімнің бір партиясы шығарылып үлгіріпті.

Әзірше ALMAPACK CO. LTD компаниясы 29 адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр. Ал әр жұмыскердің жанұясында кемінде 2-3 адамнан болса, бұл компанияның кемінде 100-ден астам азаматтың өмірінде қаншалықты маңызды рөл ойнайтынын түсінуге болады.

Ал сонымен мұндай жетістіктерге не тірек болды?

Әрине, идея қаншалықты жақсы болса да, қаржылық қолдаусыз ол алысқа бара алмас. Жаңа өнеркәсіптің Қазақстан нарығында мұндай жақсы жетістіктерге жетуіне «Даму» Қорының «Шағын және орта бизнесті қолдау» бағдарламасы үлкен көмегін көрсетті.

Егер компания құрылғаннан бері оған 1млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылса, соның 400 мың АҚШ доллары мемлекеттік инвестициялар, яки «Даму» Қорының үш бағдарламасы бойынша тартылған инвестициялар. Ал қалғаны жеке акционерлердің қаржылары.

«Даму» Қоры компанияны 2007 жылдан бері несиелеп келеді.

Компанияның 2 жыл бойы атқарушы директоры қызметінде болған, ал қазір консультанты болып жұмыс істейтін Нұркен Нұрымбетов «Даму Қорынан алынатын несиелердің пайыздық үстемақылары нарықтағы бағадан арзан, демек біз үшін тиімді» дейді.

Өткен жылғы қаржы инвестицияларының 1/3-ін «Даму» Қорының несиесі құраған.

Қаржыны тиімді қолданудың арқасында жылдық өнім екі есе көбейтілгенін жоғарыда жаздық. (Былтыр 1млн.200 мың АҚШ долларына өнім өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 2,5 млн.-ға дейін өсті).

«Бізде мұндай өнімді өндіру мүмкіндігі жоғары емес. Өндіріс материалы Еуропадан алынып, елімізде өңделеді де, Қазақстан нарығына шығарылады. Шетелдік бәсекелестеріміз де бар. Мысалы, қытайлық өндірушілер. Алайда олардың өнімдері біздің өнімге қарағанда 5-10%-ға қымбатырақ»»- деп Нұркен Нұрымбетов қағаз нарығының «сырын» аша түседі.

ALMAPACK CO. LTD компаниясы шағын бизнестің сәтті дамуының, Даму Қорынан түскен қаржы, демек «Самұрық-Қазына» Қоры арқылы бөлінген мемлекеттік қаржының кәсіпкерлердің шаруасын дөңгелентіп, кеңейтіп отырғанының бір айғағы.

Келешекте де мемлекеттік қаржының қолданылуы ALMAPACK CO. LTD компаниясының өндіріс өнімін көбейтуіне, сол арқылы елдегі орта және шағын бизнестің дами түсуіне себепкер болады деген сенімдеміз.

Анықтама: «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры АҚ құрамындағы даму институты. Ол Е кінші дәрежелі банктер арқылы (шарт бойынша қаржы салу) орта және шағын бизнес субъектілерін несиелеу, микронесиелеу, орта және шағын бизнес субъектілерін ақпараттық-консультативтік түрде қолдау секілді шараларды жүзеге асырады;

Альмира Садыкова

журналист