Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

11 қараша «Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихат пойызы Ақмола облысына келді

11 қараша 2016 ж., 18:28

Бұл шараның мақсаты әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек және де кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығымен айналысу бойынша кеңес беру болып табылады.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы 43 күн ішінде еліміздің 35 елді мекеніне барады. Тәуелсіздік күні қарсаңында, яғни 14 желтоқсанда соңғы бекет - Алматы қаласына келеді.

Пойыз құрамында жетекші министрліктер мен ведомство мамандары, мәдениет және өнер қайраткерлері, медицина қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қаржылық даму институттары мен ғалымдар қатысуда.

Гринвич бизнес–орталығының Конференц-залында «Даму» Қорының, «Атамекен» ҰКП, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері және Ақмола облысы мен Көкшетау қаласы өкілдерінің кездесуі өтті. Мұнда «Даму» Қорының қызметкерлері мемлекеттік қолдау түрлері мен құралдары жайлы кеңес берді. Кездесуде 30-ға жуық кәсіпкер кеңес алып, керекті үлестірмелі материалдармен қамтылды.

Акцияның негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдарында жеткен Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нәтижелерін жариялау. Сондай-ақ медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша қолдау көрсету болып табылады.