Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» қоры Қарағанды облысының кәсіпорындарына пресс-тур өткізді

14 қараша 2016 ж., 18:49

Пресс-тур барысында БАҚ қызметкерлері қордың қолдауын алған бес кәсіпорынның қызметімен танысып шықты. Таңдаған бағытына қарамастан әр ұйымның бизнес-идеясы табысты кәсіп көзіне айналған. Барған өндіріс орындары саласы бойынша ғана емес, ашылған уақыты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді. Олардың қатарында жас ұйымдармен қатар бұрыннан келе жатқан кәсіпорындар да болды.

Бір айдан астам уақыт бұрын қалада «Стом на востоке» стоматологиялық емхананың филиалы ашылды. Ортақ құрылтайшы Азамат Байғұлақов «Даму» Қорының жаңа емхананы ашуда көп көмектескенін айтты. Енді мұнда тіс пен қызыл иекті емдеу, протездеу, түзеу, тісті түзулеу, тістердің орналасу ауытқулары бойынша жұмыс жүргізеді. Негізінен ортодонтияға басымдық беріледі.

Келесі кәсіпкер Елена Ерш жеке балабақша ашудымешқашан ойламағанын айтады. Бизнесвумен әлі күнге дейін өзінің ойын іске асыру осыншалықты оңай болғанына таң қалуда. Дегенмен «Даму» Қорының қолдауы болмағанда бұл ойы іске аспауы да мүмкін еді. Енді міне, жарты жылдан бері 75 орындық «Ақ бала» атты жеке балабақша жетекшісі. Болашақта тағы 25 орынға кеңейтуді жоспарлап отыр. Әу баста Елена тұрғын үйдің бірінші қабатында бұрын дүкен болған аумақты сатып алды. Мемлекеттік органдармен кеңесе келе, оны қайта жоспарлап, жөндеуге кірісті. Ал жабдықтарды сатып алып, ғимарат ішін жөндеуге көмек қажет болған кезде «Даму» қорының арқасында бұл мәселе тез арада шешілді. «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкер несие саомасының 50%-ына кепілдік алып, субсидияға қол жеткізді.

Сондай-ақ «Азия трэйд ЛТД» ЖШС директоры Тезекбаев Нұржан «Даму» қорымен ынтымақтастығы жайлы оң пікір білдіруден жалықпайды. Серіктестіктің өзі 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Бір жыл бұрын кәсіпорын кәріз құбырлары мен ПВХ-тен жасалған фитингтерін өндіру бойынша жабдықтар алу үшін несие рәсімдеп, өндіріс өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасының аясында 6% субсидияға қол жеткізіп, Қордың несие сомасының 50%-ына берген кепілдігін алды.

13 жылдан астам уақыттан бері металлдан қасбет және жабын өнімдерін жасап шығаратын «Тритон М» ЖШС «Даму» Қорының қолдауымен жаңа белеске шықты. Бір жыл бұрын қордан қаржылай қолдау алған бұл фирма, пішінделетін болат табағын өндіретін жаңа екі дана құрылғы сатып алды. Бұл өндіріс қуаты мен тапсырыс санын арттыруға ықпалын тигізуде.

- Металлдан жасалған жабын өнімдерінің кең түрін жылына 30 000 тоннаға дейін шығарамыз. Тапсырыс саны едәуір ұлғайды. Біздің өнімдеріміз Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің құрылыс алаңдарына да жеткізіліп жатыр, - деп бөлісті фирманың коммерциялық директоры Алексей Григорьев.

Жаңа жабдықтардың көмегімен пісіру арқалықтарын жасау өндірісі 100 – 130%, құрылыс құрастырылымдары - 15% ұлғайтылды. Қосымша 8 жұмыс орындарымен қамтамасыздандыру мүмкіндігіне ие болдық, - дейді «Казмеханомонтаж» ЖШС директоры Жанат Дәулеталиев.