Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қостанайда «Даму-Көмек» жобасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

14 қараша 2016 ж., 19:05

Райымкүл Рахалиева жол-көлік оқиғасынан кейін ІІІ топтағы мүгедек болып қалды. Кезінде жүрегіне 2 рет ота да жасалған. Алайда бұған қарамастан Райымкүл 20 жылдан бері қолөнермен айналысады. 

Бұйымдар Қазақстанда ғана емес, шет елде де танылмал. Жақында өңірлік газетте Райымкүлдің көрпелерін Американдық азамет сатып алғаны туралы мақала жарық көрді. Сонымен қатар ол көптеген көрмелерге қатысады. 2017 жылы EXPO қатысуды да жоспарлап отыр. Бұдан басқа Райымкүл жағдайлары нашар отбасылардың балаларына өздері қаражат табу үшін тігін өнеріне үйретеді.

Өзінің тігін машинасы ескіргендіктен, қазіргі заманға сәйкес ілмектер жасайтын, автоматтандырылған жаңа құрал қажет еді. Осындай өтінішпен Райымкүл «Даму» Қорына хабарласты. Бұл өтінішке «ROMANA ЖШС» үн қатты.

«ROMANA ЖШС» компаниясы мен «Даму» Қоры көп жылдан бері серіктес. Кезінде компания «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша субсидия алған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық Қоры қаражатының есебінен өңдеу өнеркәсібін шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.

Тігін машинасын табыстау күні мен Райымкүлдің кезекті көрмеге қатысуы қатар келді.

«Көрсетілген көмек үшін алғысым шексіз, мені тағы да Ресейдің көрмесіне шақырды, енді соған дайындалам, - деді Райымкүл».