Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Павлодарда «Ertys Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті

14 қараша 2016 ж., 19:13

Павлодарда «Ertys Invest 2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Жоба облыстың инвестициялық жобаларына әлеуетті инвесторлар тартуға бағытталған.

Пленарлық отырысты Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов құттықтау сөзімен бастады. Шарада сөз алғандар қатарында «Даму» Қоры төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров та бар. Ол мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларды қолдау туралы әңгімеледі.

С. Торайғыров атындағы ПМУ жанындағы «Start Up» академиясы коворкинг орталығының негізінде Demo day өтті. Жас кәсіпкерлер инвесторларға өзінің бизнес-жоспарларын таныстырды. Жас іскерлер 47,9 млн теңге жалпы инвестиция алды.