Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму Көмек» - асыл жүректілер клубы

16 қараша 2016 ж., 19:42

«Даму-Көмек» жобасы бойынша демеушілік көмек алуға «Даму» қорының Маңғыстау облыстық аймақтық филиалына «Ақтау қаласының саңыраулар қоғамының» екі мүшесі және «Бизнес және шығармашылық» атты көрме-жәрмеңкесінің екі қатысушы арыз берген.

16 қараша күні Ақтау қаласында «Даму» Қорының ғимаратында қайырымдылық шарасы аясында сыйлықтар табысталды. Мүмкіндіктері шектеулі жандарға Ақтау қаласының кәсіпкерлері үлкен қолдау көрсетті. Қолдау алған мүмкіншілі шектеулі жандар:

Тушканова Айжан – бала кезінен ІІІ топтағы мүгедек. Ақтау қаласының тұрғыны, үйде тігін қызметтін жүзеге асыру үшін тігін машинасы сатып алуға мұқтаж болған. Оның өтініші бойынша «Ақтау кондитерлік фабрикасы» басшысы Карась Надежда Миахайловнаның қаражаты есебінен Toyota ECO 26C маркалы тігін машинасы сатып алынды.

Чувакбаева Калыш Қайырзаманқызы – бала кезінен ІІІ топтағы мүгедек. Ақтау қаласының тұрғыны, үйде тігін қызметтін жүзеге асыру үшін тігін машинасы сатып алуға мұқтаж болған. Оның өтінішіне Жаңаөзен қаласындағы «АЛЕНторг» басшысы Ермеков Кенжебай Аленұлының қаражаты есебінен JANOME Magnolia 777 маркалы тігін машинасы сатып алынды.

Құттыбаева Айжан Дүйсенбайқызы – ІІІ топтағы мүгедек. Ақтау қаласының тұрғыны, жақын арада тігін шеберханасын ашуды жоспарлағандықтан көп функционалды оверлок тігін машинасын сатып алуға мұқтаждығы болған. Оның өтінішіне «Шипагер оңалту орталығы» ЖШС басшысы Жақсымбетов Марат Ибрагимұлының қаражаты есебінен JANOME ARTSTYLE 4057 маркалы көп функционалды оверлок тігін машинасы сатып алынды.

Мәженов Ислам Қонысұлы – бала кезінен І топтағы мүгедек. Ақтау қаласының тұрғыны, үйде тігін қызметін жүзеге асыру үшін көп функционалды оверлок тігін машинасын сатып алуға мұқтаж болған. Оның өтінішіне жеке кәсіпкерлер, Жаңаөзендік Берекетов Бердіғали Мұхамбетқалиұлы мен Мұнайлы ауданының құрметті ханымы Басшиева Жайнагуль Мақашқызы екеуі бірлесіп өз қаражаты есебінен JANOME ARTSTYLE 4057 маркалы көп функционалды оверлок тігін машинасы сатып алып сыйға тартты.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Маңғыстау облысы бойынша аймақтық филиалы сондай-ақ «Ақтау саңыраулар қоғамы» Қоғамдық бірлестігі жоғарыда көрсетілген Ақтау және Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне көмек көрсеткендері үшін шынайы алғысын білдіреді.

Кәсіпкерлер басшылығына «Даму-Көмек» жобасы шеңберінде мүгедек-кәсіпкерлерге демеушілік көмек көрсеткендігі үшін «Даму» Қорының арнайы алғыс хаты табыс етілді.

Бағдарлама басынан Маңғыстау облысы бойынша «Даму-Көмек» бағдарламасы шеңберінде 81 мүгедек – кәсіпкерлерге демеушілік көмегі көрсетілген.