Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қаржылық тәуелсіздікке барар жол

16 қараша 2016 ж., 11:27

Орал қаласында мүгедек 15 қыз бала 13–14 қазан күндері екі күндік тренингтен өтті. «Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын дамыту» оқуын «Даму» Қорының қаржылай қолдауымен «Шырақ» қауымдастығы ұйымдастырған. 

Тренер бірінші кезеңде қатысушыларға мүгедектік деген ұғым жөнінде ой толғады. Әңгімелесу барысында анықталғандай, кәсіпкерлікке барар жолдағы басты кедергі – білім мен тәжірибенің жоқтығы мен беті қайтып қалудан қорқу болып шықты. Көпшілігі мемлекеттік органдарға барудан, қателесуден қаймығады, осыдан барып өзіне деген сенімсіздік туады. Тренерлер талай мүгедек жандардың табысты тағдырын мысалға ала отырып, олардың бойында қалыптасып қалған кері пікірлерді сейілтуге тырысты.

Олардың көзін жақсы жаққа жеткізе түсу үшін «Даму» Қорының Батыс Қазақстандағы филиалының менеджері Әсел мүгедектігі бар жандарға қандай қолдау мен көмектер бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар тренинг барысында кәсіпкер Зинадбану Мусинаның кәсіпкерлік тарихы да мысалға келтірілді. Зинадбану ханым қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, алға жылжу жолдары мен қорқынышты жеңу тәсілдерімен бөлісті.

Тренингке қатысушы Гүлмира Батпақұлованың айтуынша, оқу барысында барлық шара тәжірибеге сүйеніп көрсетілетін болғандықтан, білікті мамандардан кеңес алу – үлкен сәттілік болған.

Бұл жоба асында ҚР аумағындағы 16 қалада тұратын, түрлі деңгейлі мүгедектігі бар 180 әйелді оқытып, олардың ішінде 90 нәзік жанды іріктеп алып, түрлі салалар бойынша оқытып шығу көзделген. Атап айтқанда:

• Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп;

• call- орталық операторы. Офис-менеджер;

• Тігіншілік;

• Бизнес жоспарлар жасау негіздері оқытылады.

Қазіргі кезде 70 мүгедек әйел оқыды.