Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Астана қаласында «Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» жобасы бойыша оқу басталады

15 қараша 2016 ж., 18:47
Жаңадан іс бастағысы келген немесе бизнесі бар кәсіпкерлер үшін қазір қолайлы мүмкіндік туып тұр. .Кез-келген уақытта Интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі бар жерде тегін өз білімдерін толықтыру және жақсарту үшін «Даму» Қорының «Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» жобасы жүзеге асырыла бастады.

http://edu.damu.kz/www/index.php сілтемесі бойынша өтіп және сайтта тіркеліп, сіз өзіңізге тиімді курсты таңдай аласыз. Оқу барысында студентке тапсырма беріп, оны тексеріп отыру үшін арнайы ұстаз бекітіледі. Курс аяқталғаннан кейін электронды сертификат беріледі.

«Кәсіпкерлікті дамытуды қашықтықтан қолдау» жобасы бойынша қосымша ақпарат алу үшін, Сіз Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз керек.

Мына мекен-жай бойынша күтеміз: Қажымұқан көшесі, 8А, 3 қабат, конференц зал. Қосымша ақпарат: 8 (7172) 559199, 559434 (ішкі тел. 3006) Хамзина Зәмзәгүл, (ішкі тел. 3046) Бермухамбетова Әсел.