Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алматы облысында жеке кәсіпкер «Startup» бағдарламасы бойынша жаңа бизнес ашуда

17 қараша 2016 ж., 18:45

Халық арасында сауықтыру кешендері кеңінен сұранысқа ие. Соның бірі Алматы облысы, Шонжы ауылында орналасқан ыстық су көздері. 

Жеке кәсіпкер Коксалова Анел Капалқызы осындай геотермалды сулар аумағында емдеу кешенін ашуға бел буды. Сол себепті Іле ауданына қарасты Боралдай кенті аумағынан геотермалдық су көздері бар жер телімін сатып алды. Қазір ол жерде 7 ванна бөлмелері мен ашық аспандағы хауыз салынды. Айта кететіні аталған кешен маусым талғамай, жыл бойы жұмыс істейді.

Коксалова Анел Kassa Nova Банк арқылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 пайызбен несие алды. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Мұнымен қатар, кәсіпкер «Даму» Қорының кепілдемесін алды.

Анел алынған қаражатқа термалды су негізіндегі монша-сауыктыру кешенін кеңейту үшін жанында орналасқан көршілес үйді сатып алды.

«Термалдық су көздерінің емдік қасиеттері Ежелгі Рим және Византия дәуірлерінен мәлім. Судың емдік қасиеті ағзаны нығайтып, көптеген аурулардың алдын алып, сергітіп қана қоймай, күйзеліске де көмектеседі, созылмалы шаршау синдромынан арылтып, әр түрлі аурулардың емі. Ең пайдалы жері - буын тайғаннан соң оңалту кезінде көмектеседі»,- дейді Анель Капалқызы.

Термалдық судың емдік қасиеті жағынан баламасы жоқ.