Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының көмегімен Қарағандылық кәсіпкер жеке балабақша ашты

18 қараша 2016 ж., 12:12

Қазіргі таңда Қарағанды қаласында өте үлкен сұранысқа ие бизнестің түрі - балабақша ашу болып тұр. Себебі Қарағандыда балабақшаға жиырма мыңнан аса балалар кезекте тұр. Майқұдық ауданында сегіз мыңға тарта бала бақшаға кезекте тұр. Дәл осы ауданнан Елена Ерш өз бизнесін ашты.

Осыдан жарты жыл бұрын Қарағандыдағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына Елена Ерш бизнес идеясымен келген еді. «Даму» Қоры арқылы жүзеге асырылатын барлық бағдарламалар жөнінде ақпарат алып, жобасын іске асыруға бел буады. Алдымен Қор кеңесшілері кәсіпкерге бизнес жоспар дайындап беріп, кейін банкке құжат жинауға көмек көрсетеді.

Бұның барлығы Еленаның Майқұдық ауданында бұрынғы дүкен болған ғимаратты сатып алғаннан басталды. Онда ол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ғимаратта бала бақша ашпақшы болады. Тек құрал жабдықтар алуға қаражат жеткіліксіз болғандықтан, несие алуды ұйғарады.

Несие алу үшін кәсіпкердің Банкке қоятын кепілзаты аз болғандықтан «Даму» Қоры кәсіпкерге «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасы арқылы несие көлемінің жартысына дерлік 8 миллион теңгеге кепілдеме береді. Сонымен қатар «Даму» Қоры кәсіпкер алған несиенің 7% мөлшерін субсидиялайтын болды.

Елена алған несиесіне құрал-жабдықтар сатып алып, балабақша ашты. «Ақ бала» атты балабақша енді 75 балаға өз қызметін көрсетіп тұр. Кәсіпкердің жоспарында балабақшадағы орын санын ұлғайту болып тұр.

«Келешекте балабақшаны тағы 25 орынға үлкейту мақсатымда тұр. Ол бойынша да Даму қорының көмегіне жүгінсем деп отырмын, себебі «Даму» Қорының қызметкерлерінің жұмысына дән ризамын»,-дейді кәсіпкер Елена Ерш.