Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» жобасы бойынша оқыды

18 қараша 2016 ж., 12:29
Петропавлда «Студенттердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» оқыту жобасы бойынша төртінші кезең аяқталды. Осының аясында «Даму» қорының Филиалы мен Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Жобаға қатысуға ЖОО-ның 20 студенті өтінім берді. Алты күн бойы «BusinessMasters» ЖШС консалтингтік компаниясының жоғары білікті бизнес-тренерлері ЖОО базасында оқытты.

Алты күн ішінде СҚМУ студенттері зерттеген тақырыптар: кәсіпкерліктің заңдық және қаржылық аспектілері, бизнес жүргізу, ұжымды басқару, маркетингтік қызмет, бизнес-жоспар құру, сондай-ақ бастапқы капиталды есептеуге үйрену, шығыстар, өндіріс, келіссөздер жүргізу және тағы басқалар.

Карина Хасенова кафе-асханада онлайн-тапсырыстар бойынша қызмет көрсетуді жоспарлайды. Ал Әмір Айтбаев өзі туған Бескөл кентінде шағын-наубайхана ашуды армандайды. Олардың айтуынша, мұндай бизнес-оқыту өте қажет.

Оқыту аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Іріктеу нәтижелері бойынша үздік бизнес-жоба авторлары «Тәлімгерлік» компонентінде қатыса алады. Одан әрі «Даму» Қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығында консультациялық сүйемелдеуден өтуіне, сондай-ақ гранттық қаржыландыруға арналған өтінім беруге және мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдікпен қаржыландыруға сұраным бере алады.