Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылордада 23 қараша күні «Қызылорда облысындағы туризмнің дамуы» тақырыбында семинар өтеді

18 қараша 2016 ж., 12:38
«Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалы аймақтың туризм және қонақ үй саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлерін 23 қараша күні Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өтетін семинарға қатысуға шақырады. Семинарды «Қазақстанның өңірлік дамуы» ЕО жобасының эксперті Қалдыгүл Канапина және туризмді дамыту жобасының эксперті Соня Энилова жүргізеді. 

Семинар бағдарламасы:

«Қазақстанның аймақтық дамуы» ЕО жобасының эксперті Қалдыгүл Канапина, жобаның және эксперттердің қысқаша таныстырылымы;

Семинар және бағдарламаның мақсатымен танысту;

Туризмді дамыту жобасының эксперті Соня Энилованың баяндамасы: туризм, туристік өнім, туристік инфрақұрылым;

Food & beverage (тағам & сусындар);

Уақытша ақылы тұрғын үй ұсынатын мекемелердің түрлері және оларға қойылатын талаптар;

Маркетинг және алға ілгерілеу;

Қаржыландыру бағдарламасы, Қазақстандағы туризм саласында ынталы инвесторларды қолдауға бағытталып жасалған жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткізу механизмі сипатталған нұсқауға таныстырылым;

Сұрақ-жауаптар.

Өтетін мекен-жай: Қызылорда қ, И.Журба көшесі 12, конференц-зал.

Өтетін күні мен уақыты: 23.11.2016ж, басталуы сағат 09:30-да.

Ақпарат телефоны: +7 7242 551118