Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Павлодар облысында «Сарыарқа» өңірлік бағдарламасы аясында алғашқы жоба мақұлданды

21 қараша 2016 ж., 20:13

Биылғы жылдың сәуір айында «Даму» Қоры АҚ және Павлодар облысының әкімдігі арасында «Сарыарқа» өңірлік бағдарламасын бірлесіп іске асыру туралы меморандумға қол қойылды. Құжат бойынша 500 млн теңге (әр тараптан 250 млн. теңге) бөлінді. Қаражатты аударуға және бағдарламаны іске асыру үшін бес банк белгіленді. Бағдарламаға Павлодар қаласынан «Asia Credit Bank» АҚ филиалы, «АТФБанк» АҚ ПФ, «Казкоммерцбанк» АҚ ПФ, «RBK Bank» АҚ ПФ - 107,8 млн теңге, Павлодар қалалық «Tengri Bank» АҚ филиалы қатысады.

Бағдарлама бойынша моноқалалардың, шағын қалалардың және елді мекендердің кәсіпкерлеріне салалық шектеусіз қолдау көрсетіледі. Бір қарыз алушыға 30 млн теңге беріледі. Пайыздық мөлшерлемесі 8,5 % құрайды.

«Сарыарқа» өңірлік бағдарламасы аясында мақұлданған алғашқы жоба Сәруар Замзамқызы Кошанованың жобасы болды.

52 жастағы Сәруар Замзамқызы өз бизнесін дамытып отыр. Баянауыл ауданында шағын наубайханасы бола тұра, ол бизнестегі бағытын кеңейтуді шешіп, туристік ісін қолға алды, Сабындыкөл жағалауында демалыс аймағын салмақ. Бұл өңірдің табиғаты тамаша, Баянауылды «Қазақстанның Швейцариясы» деп те атайды.

Банк 12 млн теңге мөлшерінде несие беруге келісті. Қаражат демалыс үйінің құрылысына салынады. «Сарыарқа» бағдарламасы аясында кәсіпкер үшін тағы бір қолдау қарастырылған, яғни Қордың кепілдемесін алу мүмкіндігі бар. Сәруар Замзамқызы бұл қолдауға да ие болды.

2017 жылғы жаз айында барлық демалушылар үшін жаңа демалыс үйі есігін ашады.