Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырауда италиялық «Bambino» брендінің дайындау тәсілімен балмұздақ шығарылады

22 қараша 2016 ж., 21:10
Бекжігітов Серік Жұмағалиұлы Алматы қаласындағы Қазақ-Британ Техникалық Университеті мен Лондон қаласындағы Империал Колледжін бітіріп, ірі компанияларда үлкен жұмыс істеген. Алайда қызметте мол тәжірибесі бола тұра өз кәсібімен айналысуды шешіп, осы жылы «Қамқор» ЖК болып тіркелді. 

Старт-ап жобаны «Қазақстан Халық Банкі» АҚ мақұлдап, италиялық «Bambino» брендінің дайындау тәсілімен шығарылатын балмұздақты өндіруге қажетті жабдықтарды сатып алу мақсатында 20,0 млн теңге қарыз берілді. Қордан берілген кепілдік соммасы 17,0 млн теңге, субсидияланатын бөлігі 19%-дың 7 %-ын құрайды. 3 жұмыс орны құрылады.

Балмұздақты өндіру Атырау қаласындағы «Bio Mart» СО, «Baizaar» СҮ, жақын жерлердегі балалар аттракциондары, және кинотеатрлардың алдында орналасқан жалдамалы орындар арқылы жүзеге асады. Сауда орталығында ай сайын кемінде 38 000 адамға қызмет көрсетіледі.