Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Ақтөбе облыстық филиалында «Тәуелсіз Қазақстан» үгіт-насихат пойызы мүшелері мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

22 қараша 2016 ж., 21:27
Дөңгелек үстел барысында жергілікті кәсіпкерлерге қиындық тудырып жүрген мәселелер мен кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау төңірегіндегі сұрақтар қозғалды.

Ақтөбеліктер шешімі қиын сұрақтарын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма басшысының орынбасары Қуат Ахметовке қойды.

Сұрақтар негізінен «Агробизнес 2020» бағдарламасына енгізілуі қажет өзгерістер мен ауылшаруашылығына сапалы мамандар дайындау мәселелерін қамтыды.

Мысал ретінде айтсақ қожалық басшысы Құрмашев Елубай мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 32 бие сатып алды.

-Бағдарлама бойынша мен 1 асыл тұқымды айғырға 15 бие алуым керек. Ал менің алып отырған биелер саны 32, сонда 2 бие үшін тағы да айғыр алуым керек пе? Бағдарламаға 15 тен 20 дейін деп енгізуге болмайды ма екен?-деп ұсыныс-сұрағын қойды.

Бұл сұраққа жауап ретінде Қ.Ахметов жыл сайын бағдарламалар жақсы жағына қарай өзгертілетінін және осы ұсыныстың қаралатындығын ескертті.