Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысына келді

22 қараша 2016 ж., 21:37

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысына келді. 

Үгіт-насихат пойызының жолаушылары - жеті министрлік, ұлттық компаниялар, Қазақстан халықтары ассамблеясы, медицина және әлеуметтік мекеме өкілдері. Орал қаласының тұрғындары әлеуметтік, құқықтық, медициналық сұрақтар, мемлекеттік қызмет көрсету, бизнесті жүргізу және ауыл шаруашылық саласындағы шаруалары жөнінде кеңінен ақпарат алды. Бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары жайында Батыс Қазақстан облысы бойынша «Даму» Қоры филиалының менеджерлерінен және Кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңесшілерінен, Аймақтық кәсіпкерлер палатасының және «Холдинг «КазАгро» АҚ өкілдерінен кеңес алды.

Үгіт-насихат пойызының өкілдері, Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасының аймақтық департаменті сарапшысы Айнұр Дарбайқызы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуат Ахметов Батыс Қазақстан облыс бойынша «Даму» Қоры филиалы Кәсіпкерлер қолдау орталығында облыс кәсіпкерлерімен кездесті.

Сұрақтардың көпшілігі ауылдық жерлердегі бизнесті қолдау, іс бастаушы және жас кәсіпкерлерге арналған қолдау шаралары жөніндегі тақырыптар төңірегінде болды.