Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Семейде мүгедек бойжеткенге «Даму–Көмек» жобасы аясында демеушілік көмек көрсетілді

23 қараша 2016 ж., 19:31
Байқадамова Айдана бала кезінен І топ мүгедегі. Өз бетінше жүре алмайтынына қарамастан бойжеткен өжет. Мектеп бітіргеннен соң ол қол қусырып қарап отырмай «Семей көпсалалы колледжіне» түскен.

2015 жылы ол «Бағдарламалаушы» мамандығына ие болып, кейін тұрмысқа шыққан. Дегенмен, денсаулығына байланысты тұрақты жұмысқа тұра алмады. Айдананың анасы Гүлайым тәжірибелі шаштараз. Қызына да шаш қиюды үйреткен. Қазір Айдана үйде отырып шаш қидырғысы келетін клиенттерді қабалдай береді.

Біраз уақыт бұрын Айдана Байқадамова www.damu-komek.kz сайтында «Даму» Қоры жүзеге асыратын жобаның аясында көмек сұрап өтініш қалдырған еді. Шаштаразға қажетті кәсіби құралдарды алуға шамасы жетпеген қызға демеуші табылып, 23 қараша күні шаш қиятын машинка табыс етті.