Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

13 қараша күні «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Қостанай өңіріне келді

22 қараша 2016 ж., 21:55

13 қараша күні үгіт-насихат пойызы Қостанай қаласындағы бекетке келіп жетті. Темір жол вокзалындағы салтанатты жиыннан соң барлық делегаттар ақпараттық-кеңес беру үшін жан-жаққа жұмыс орындарына қарай тарады. 

Азаматтарды негізінен әлеуметтік, заңдық, медициналық, ауыл шаруашылық, білім саласы бойынша сұрақтар қызықтырды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы мен Қоғамдық келісім партиясының қоғамдық қабылдау бөлімі де ашылды.

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңестер Кәсіпкерлер палатасымен бірге Қостанай қалалық КҚКО ғимаратында өткізілді. Жексенбі болғанына қарамастан кеңес алушылардың қарасы көп болды. Олардың дені заңдық сауалдарға жауап іздеп келгендер.

Бұдан әрі пойыз Тобыл, Құсмұрын және Есіл бекеттері арқылы 15 қарашада Арқалық қаласына келді. Ол жерде Қордың қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларының талаптары талқыланған мәжіліс өтті. Одан кейін кәсіпкерлерге қолдау көрсету бағдарламаларын тереңірек түсіндіретін кеңестерге ұласты.