Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Атырау облысына «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы жетті

25 қараша 2016 ж., 13:23

22 қараша күні Мақат ауданына Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай жолға шыққан «Тәуелсіз Қазақстан» республикалық үгіт-насихат пойызы келді. Делегацияның құрамына жеті министрлік өкілдер кірген.

Атап айтқанда: білім, мәдениет, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Министр экономика және мемлекеттік кіріс, үш акционерлік қоғам, «Казагро» өкілдері және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы т.б.бар. Кездесуге 200–ше жуық аудан тұрғындары қатысты. 

Мақат ауданының әкімі Берікқали Сарсенғалиев митингті ашып, кейін «Тәуелсіз Қазақстан» поезының штаб басшысы Әміржан Әлпейісов халық алдында сөз сөйледі.

Білім, әлеуметтік, медициналық, ауыл шаруашылық, заңнамалық сұрақтар бойынша ашық есік «Нұр Отан» ғимаратында өтті. Мақат ауданының «Нұр Отан» ғимараты мәжіліс залында кәсіпкерлермен жеке кездесу өтті. Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар және аудан кәсіпкерлерінің өзекті мәселелер бойынша сөз қоғалды. Келесі күні пойыз Атырау қаласына жетіп, «Даму» Қорынның ұйымдастыруымен Кәсіпкерлік Қолдау Орталығында кәсіпкерлерге кеңестер берілді.