Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алматы облысында «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» атты семинар өтті

25 қараша 2016 ж., 14:44

Алматы облысының «Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті қауымдастықтар Қоры» Қоғамдық қоры» Қазақстанның «жасыл экономика» үлгісіне өту белсенді қатысып келеді. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының әлеуметтік, мәдени және қоғамдық-пайдалы бастамасына үнемі үн қосып келеді. Олар Еңбекшіқазақ аудандық ауылшаруашылық саласының ұзақ мерзімді дамуын қолдау мақсатында көп жылдардан бері агробизнесті жүргізу бойынша семинар, тренингтер ұйымдастырып келеді.

23 қарашада Еңбекшіқазақ ауданының Ақши ауылында «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау» тақырыбында семинар өтті. Шараға «Даму» Қорының спикерлері ретінде Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бахыт Мұсаев және құзыреттілікті арттыру бағдарламалары жөніндегі бас менеджер Жандос Нұрғазинов шақырылды.

Біздің әріптестер барлық қатысушыларға «Даму» Қоры «Бизнестің жол картасы-2020» қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасының аясында шағын және орта бизнеске қандай мемлекеттік қолдау түрлер бар екендігін түсіндірді. Тұрғындарға ауыл шаруашылығына қатысты барлық мемлекеттік қолдау түрлері бойынша түсініктеме беріліп, сұрақтарына жауап берілді.