Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Мемлекеттің қолдауының арқасында «Қазэлектромаш» ЖШС кабель өндіретін жабдық паркін жаңартты

28 қараша 2016 ж., 13:26

«Қазэлектромаш» ЖШС 1991 жылы Семей қаласында құрылған. Оның негізгі қызметі – трансформаторлық шағынстансаларды монтаждаудап, жөндеуден бастап, электромонтаждау жұмыстарының кең ауқымын қамтиды. 

Электр энергиясы саласындағы жұмыс атқарған жылдарында «Қазэлектромаш» ЖШС электромонтаждау учаскелерінің күшімен электр қуатын тарататын жүз шақырымнан астам кабель желілері, жүз шақырымнан астам әуе желілері құрастырылды. Ондаған шақырымдай сыртқы жарықтандыру желілері іске қосылып, кәсіпорынның инженерлік-техникалық қызметкерлері 50-ден аса трансформаторлық шағынстансаларды орнатып, одан әрі техникалық қызметтер көрсетті.

1993 жыл кәсіпорынның даму тарихында жаңа елеулі кезең болды. Кабельдік-өткізгіш өнімдерді шығаратын технологиялық желі сатып алынып, құрастырылды. Сымдарды эмальдайтын желіні қосу компанияның елеулі жетістігі болып табылады.

2015 жылы компания алдында уақыт көшінен қалмай жылжу үшін қолданыстағы өндірістік жабдықтың паркін жаңарту қажеттілігі туды. Компания «Forte Bank» АҚ-на жүгінді және Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОБ қолдау Бағдарламасы шеңберінде 120 миллион теңге мөлшерде қарыз алды.

Қазіргі кезде «Қазэлектромаш» ЖШС Қазақстанның кез-келген жерінде электромонтаждау жұмыстарын өз бетімен жүргізуге өндірістік-техникалық мүмкіндіктері бар. Шығарылатын өнімдердің кең номенклатурасы және тапсырыстардың қысқа мерзімде орындалуы кәсіпорынға салалық нарықта берік нығаюға мүмкіндік тудырды.

Компанияның Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында филиалдары бар. «Қазэлектромаш» ЖШС директоры Распопин Виталий Леонидович Қазақстанда және сол сияқты одан сыртқары жерлерде жаңа серіктестерді иелену және өткізу нарығын кеңейту арқылы өндіріс көлемін арттыра отырып, кәсіпорынды жақын арада дамыту мүмкін болады деп санайды.

Осыған байланысты 2016 жылы компания айналым қаражатын толықтыру үшін тағы да ЕДБ жүгінді. 70 миллион теңге көлеміндегі жаңа қарыз «АТФ Банк» АҚ арқылы мақұлданды. Осы жылдың күзінде «2020 Бизнестің жол картасы» бағдарламасының екінші бағытына сәйкес, пайыз мөлшерлемесін қаражаттандыру мақұлданды.

Осындай тәсілмен, мемлекеттік қолдау «Қазэлектромаш» ЖШС-не екі рет: өндірісті сапалы жаңа деңгейге көтеруге, және өндірілетін өнім көлемін көбейтуге жәрдемдесті.