Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» Қорының Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Сәуле Әбішева G-Global онлайн-бейнеконференциясында кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді

28 қараша 2016 ж., 13:42

«Даму» Қорының Ақмола облысы бойынша аймақтық филиалында өткен G-Global онлайн-конференциясында көп қойылған сұрақтар гранттық қаржыландыру және франшиза сатып алуға қатысты мәселелер төңірегінде болды. Франшиза сатып алған жағдайда қандай қолдауға сенуге болады? Франшиза сатып алу мақсатында гранттық қаржыландыруға қатысуға болама? Грантты қандай мақсаттарға алуға болады?

Филиал директоры Сәуле Әбішева конференцияға қатысушылардың осы және басқа да мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

«Даму» Қоры мен G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңының бірлескен жобасы биылғы тамыз айында басталды. Оның барысында аймақтық филиалдарының басшыларының қатысуымен 20-дан астам онлайн бейнеконференциялар өткізіліп, кәсіпкерлерге бизнес мәселелері бойынша кеңес берілді. Ең көп сұрақтар кәсіпкерлердің кепілдік жетіспеушілігі, аймақтарда жеңілдікпен несие алу, сондай-ақ «Даму»қорының қаржылық емес қолдау түрлеріне қатысты болды.

Естеріңізге саламыз, сіз G-Global сайтында (https://goo.gl/2Lwnjj) немесе өз өңіріңіздегі «Даму» қоры филиалыны кіріп өз сұрақтарыңызды қоюыңызға болады.