Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Үш кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетілді

29 желтоқсан 2016 ж., 10:26

Әшірімбетов Шыңғыс мамандығы бойынша қаржыгер. Бірақ басынан жарақат алуы салдарынан ІІ топ мүгедектігін алған. Шыңғысқа осы жағдайда өз мамандығы бойынша жұмыс табу оңай болған жоқ. Ойлана келе ол шағын да болса өз ісін ашуды ойлады. 

«Даму» Қоры жайлы менің достарым ақыл қосты. Осы жердегі кеңесшілер ақыл қосты. Мен шаңсорғыш алуға өтінім бергенмін. Сбебі тазалық жұмыстары бизнесімен айналысуды ойлаған едім. Сөйтіп дене шынықтыру залдары мен бизнес кеңселерден көптеген тапсырыстар түсе бастады. Бірнеше айдан кейін маған «Даму» Қорынан хабарласып, қаржылай демеуші табылғаны туралы қуанышты хабарды жеткізді, Яғни «Рамада» қонақ үйі шаңсорғыш алып беруге дайын екенін айтты. Сонымен қатар маған Казкомерцбанктің қаржыландыруымен өткізілетін «Құс жолы» бағдарламасы бойынша 300 000 теңге грантты жеңіп алуға мүмкіндік бар екенін айтып менің қатысып көруіме ұсыныс жасады. Мен арыз жаздым, бизнес жоспар дайындадым, керекті құжаттардың бәрін жинап арызымды тапсырдым. Ондағы негізгі ойым жалға велосипедтер беру. Сөйтіп мен жеңімпаздардың бірі атанып, 300 000 теңге қайтарымсыз грантты ұтып алдым және осы қаражатқа жаңа 6 «Forward» маркалы велосипедтерді алдым.

Мен «Даму» Қорына және демеушілерге шексіз алғысымды айтамын. Атап айтқанда «Даму» Қорының бас менеджері Кәрменова Зәуреге, Қор жетекшілеріне алғысымды білдіремін»,-дейді Шыңғыс.

Шыңғыс бүгінде велосипедтерді жалға беру және тазалық жасау саласында сәтті жұмыс істеп жатыр. Сенімді клиенттер мен тұрақты жұмысы бар.

Қолдау алған екінші кәсіпкер Лепесова Анар. Анар 2013 жылы «Бизнес Кеңесші» бағдарлама бойынша оқу бітірген. Осы жылы Анар ЕП ДКБ 2020 бойынша грант алуға байқауга қатысты. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында Анарға бизнес жоспар жазып берді. Бүгін кәсіпкер мемелекеттік бағдарлама шеңберінде 3 миллион шамасында грант алып балаларға жұмсақ ойыншық жасау шеберханасын ашты.

Үшінші кәсіпкер Серікбаева Күмісхан, робототехника орталығын ашу үшін жұмыс үстелі қажет екеінін жазған, Кәсіпкерге «Атасу транс» ЖШС көмек көрсетті.

Кәсіпкерлерге және демеушілерге бизнесте жетістік жане гүлдене беруін тілейміз!