Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қызылордада «Даму-Оптима» бағдарламасы бойынша алғашқы жоба қолдауға ие болды

1 желтоқсан 2016 ж., 10:31

«Даму-Оптима» бағдарламасының тиімділігін металл өнімдерін көтерме және бөлшек сатумен айналысатын «Ер-Бақ и К» компаниясы пайдаланды. Айналым қаражатын толықтыру мақсатында «Fortebank» АҚ арқылы несие рәсімдеу үшін «Даму» Қоры кәсіпорын қажеттілігіне 50% кепілдеме ұсынды. 

«Ер-Бақ и К» компаниясы металл өнімдерін сатумен 2011 жылдан бері айналысып келеді және бүгінде осы саладағы ірі кәсіпорындардың қатарында. Несие қаражатының көмегімен компания тауар түрлерін көбейтіп, сату көлемін арттыруға мүмкіндік алды.

Компания директоры Даурен Дауылбаевтың айтуынша, бағдарламаға қатысу арқылы ол өз кәсіпкерлік қызметін кеңейту жобасын жүзеге асыратын болады.

«Даму-Оптима» бағдарламасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының нысаналы тобына кірмейтін кәсіпкерлерге арналып қабылданған. Бағдарлама аясында несиелерді бөлшек кепілдендіру құралын сауда, қоғамдық тамақтану және басқа да экономиканың басым секторына жатпайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері қолдана алады.

«Даму-Оптима» бағдарламасы аясында әрекет етуші кәсіпкерлерге арналған несиені кепілдендіру шарттары төмендегідей:

Кепілдік көлемі – несие сомасының 50% артық емес. Несие сомасы – айналым қаражатын толтыруға – 60 млн. теңгеге дейін, 36 айға дейінгі кепілдендіру мерзімімен, инвестицияға – 180 млн. теңгеге дейін және кепілдік уақыты 60 айға дейін.

Франшиза бойынша бизнеске несие алушы кәсіпкерлерді кепілдендіру шарттары:

Кепілдік көлемі – 20 млн. теңгеге дейін, кепілдендіру несие сомасының 70% артық емес, 20 млн. теңгеден аса – несие сомасынан 50% артық емес.

Максималды несие сомасы – 80 млн. теңгеге дейін. Кепілдік уақыты – айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін, инвестицияға 60 айға дейін.