Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Аққыстау селосының жас кәсіпкеріне «Даму-Көмек» жобасы бойынша демеушілік көрсетілді

29 желтоқсан 2016 ж., 10:34
Бақытова Амангүл көпбалалы отбасында өсіп, Алматы экономикалық колледжін сәтті аяқтады. Алайда, ауруының асқынуы салдарынан көзінің көру қабілеті нашарлап, дәрігерлер ІІІ топ мүгедектігін берген. 

Ауыртпашылықтарға қарамастан Амангүл Атырау мұнай және газ институтының студенті ретінде оқуын жалғастыруда.

«Менің отбасым үлкен әрі ұйымшыл, үйде әпкем екеуміз киім тігумен айналысамыз. Сырт киімдер пальто, күрте, көйлектер, костюмдер тігуге көмектесемін. «Даму» Қорына хабарласуды жөн көрдім. Менің жоспарларым өте көп, және болашақта өз ісімді ашқым келеді»,-дейді Бақытова Амангүл.

Тігін машинасын «Бизнестің жол картасы – 2020» Бірыңғай бағдарламасының қатысушысы, «Городские цветы» ЖШС кәсіпкері Мұсабекова Захидам демеушілік көмек ретінде алып берді.