Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Петропавлда автошиналарды кәдеге жарататын бірегей кәсіпорын жұмыс істейді

29 қараша 2016 ж., 10:37
Петропавлда автошиналарды кәдеге жарататын «Soltustik rubber recycling» ЖШС сәтті жұмыс істеп жатыр.

Өткен жылдың соңында компания «Soltustik rubber recycling» ЖШС 55 млн теңге жеңілдетілген несие алды. «Сбербанк России» АҚ ЕБ арқылы ҚР Ұлттық қорынан бөлінген қаржының жылдық мөлшерлемесі 6% құрады. Несие Ресейдің Тольятти қаласында өндірілген, автошиналарды қайта өңдеу және өндіру резеңке үгіндісін өңдейтін және жарақатқа қауіпсіздік жабындар жасайтын құрал-жабдық сатып алуға жұмсалды.

«Soltustik rubber recycling» ЖШС басшыс, кәсіпкер Талғатбек Ғалеев Петропавлдықтарға автошиналарды өртеп, зиянды қалдық шығармайтын экологиялық тәсіл ұсынды. Апта сайын компания қызметкерлері ескі шиналарды жинау үшін шиномонтаждық шеберханаларды аралап шығады. Одан соң цехта 1-2 мм 2-4 мм резеңке үгінділері, жарақатқа қауіпсіз жабындар (қалыңдығы 10 мм-ден 40 мм резеңке тақтайша; жаяу жүргіншілері жолына төсейтін текшелер; тігіссіз резеңке жабындар) жасалады.

Бүгін цех 50 тоннадан астам дайын өнім шығарады. Шымкент, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және басқа да қала кәсіпорындарына да резеңке үгіндісі және жарақат қауіпсіздік тақтайшалар жеткізіледі. Жоба бойынша жаңа жұмыс орындары құрылды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Астана қаласында «Даму» Қоры ұйымдастырған «Қазақстанда Жасалған» Ұлттық көрмесінде «Soltustik rubber recycling» ЖШС сәтті қатысты.