Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Жезқазған қаласына келіп тоқтады

29 желтоқсан 2016 ж., 10:39

1 қараша күні Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Астана қаласынан бастау алып, 2 қараша күні Қарағанды қаласына тоқтаған болатын. Енді 28 қараша күні пойыз Жезқазған қаласына келіп жетті.

Жезқазған қаласының тұрғындарын қабылдау «Нұр Отан» партиясының ғимаратында жүргізілді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының бас менеджері Изотов Евгений кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау мемлекеттік бағдарламалары жайында кеңес берді. «Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуда Даму Қоры қандай көмек көрсете алады?», «Егер бизнеске несие алу үшін кепілзатым жетпесе, не істеуім керек?», «Екінші деңгейлі банктер мүгедектігі бар кәсіпкерлерге несие бере ме?», «Қордың қандай кәсіпкердің әлеуетін жоғарылататын жобалары немесе бағдарламалары бар?» т.б. сұрақтар қойылды. Сұрақтардың барлығына толық мағлұмат беріліп, кездесуге келгендерге үгіт-насихат пойызымен жүрген қызметкерлердің жұмысы көңілдерінен шықты.

Сонымен бірге медициналық қызмет, әлеуметтік сұрақтарға кеңес алу бойынша жұмыстар жүріп, қаланың жастарымен, «Ютария ltd» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өтті.

Пойыздың келесі аялдамасы енді Жамбыл облысында болады.