Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Талдықорған қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жеке кәсіпкер ретінді тіркелген кәсіпкер алғашқы караоке-такси бизнес түрін ашты

29 желтоқсан 2016 ж., 10:41

Талғат Бертаев қала ішінде такси бизнесімен 7 жылдан бері айналысады. Әрине жылдам қызмет көрсететін такси бизнесінде қалада бәсекелес көп. Ол ғана емес қаланы жақсы білу қажет, жабдықталған автокөлік болуы тиіс, қызмет көрсету барысында жаналықтар ашу да теріс емес. Кәсіпкер өз бизнесіндегі жаңалық туралы ұзақ жылдар ойластырды. Жеке кәсіпкер ретінде Алматы облысы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталығында заңды түрде тіркеліп өз ойын іске асыра бастады. Ол өзінің көлігіне караоке жабдыктарын орнатты.

«Такси-караоке» ашу ойы маған осыдан біршама жылдар бұрын келді. Ал осы арманым енді іске асырылды. Көңіл-күйі жоқ немесе шаршаған адамдар менің көлігіме жайғасқан соң көңілдері көтеріліп, шаршағандары басылып шыққан кезде мен өзімді қуанышты сезінемін. Караоке қызмет түріне мен жалақы алмаймын. Мен тек ғана жол ақысын ғана аламын»,-дейді Талғат Бертаев.

Караоке жабдықтары құрамына сондай-ақ микрофон, түрлі-түсті шамдар, сапалы динамикалар кіреді. Әрине, әр жолаушыны мекен-жайына жақсы көңіл күйде қызмет ету мақсатында Талғат өлең жинақтарын жаңартып отырады.