Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

5-6 желтоқсан күндері Қызылордада «Өзіңді өзің қалыстастыр» атты шеберлік-сағаты өтеді

29 желтоқсан 2016 ж., 10:46
Құрметті Қызылордалықтар! Сіздерді танымал кәсіпкер, ментор Серікбай Бисекеевтің «Өзіңді өзің қалыптастыр» тақырыбындағы шеберлік-сағатына қатысуға шақырамыз. 

Серікбай Бисекеев – танымал кәсіпкер, халықаралық КТ «Arman Holding» компаниясының негізін қалаушы және президенті, ERNST&YOUNG версиясы бойынша «Ресейдің жыл кәсіпкері» номинациясының жеңімпазы, ментор, «Даму» Қорының тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі .

Семинар аясында кәсіпкер қатысушылармен өзінің танымал кәсіпкер атануына көмектескен өмір қағидалары және табыс сырларымен бөліседі, сондай-ақ өмірдің барлық маңызды кезеңінде үйлесімділікке жету тәсілдері жайлы баяндайды.

2 сағаттық шеберлік-сағатында төмендегі мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауап пікірталасы болады:

✔ Өз ісіңнің кәсіпқой маманы қалай атануға болады;

✔ Әріптестер, достар мен туыстастардың сыйластығына қалай жетуге болады;

✔ Өмірдегі өз жолынды қалай анықтауға болады;

✔ Мақсатты қалай қоямыз және оған жету жолдары;

✔ Өз уақытын басқаратын бақытты адам қалай боламыз;

✔ Өз командаңмен бірге табысты бизнесті қалай құруға болады;

✔ Өз командаңды қалай дұрыс ынталандыруға болады;

✔ Өміріміздің барлық маңызды салаларында үйлесімділікті қалай сақтаймыз

Кіру тегін

Өтетін уақыты мен орны:

5 желтоқсан күні сағат 11.00-де, Қызылорда қ, Жахаев көшесі н/з, Қорқыт ата атындағы ҚызМУ Студенттер сарайы.

6 желтоқсан күні сағат 11.00-де, Қызылорда қ, Журба көшесі 12 үй, «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы

Қосымша ақпарат келесі телефондар бойынша: + 7 7242 551118, +7 707 534 04 14, электронды мекен-жай: damu@list.ru.