Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

4 желтоқсан күні Қызылордаға «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы келеді

30 қараша 2016 ж., 11:00
4 желтоқсан күні Қызылорда қаласына Республикалық акция аясында «Тәуелсіз Қазақстан» мамандандырылған үгіт-насихат пойызы келеді. Тәулік ішінде түрлі салалардағы мамандар әлеуметтік, денсаулық сақтау және басқа да мәселелер бойынша кездесулер, кеңестер, азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді. 

Мамандандырылған пойыздың келу бағдарламасы:

9.00-9.30

Теміржол вокзалында салтанатты кездесу;

Құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен қоғамдық қабылдау;

Мемлекеттік қызмет алу туралы кеңес;

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кездесу;

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кездесулер;

10.30-13.00

Ауыл шаруашылығы сұрақтары бойынша дәрістер, кездесулер;

Дәрістер, білім беру бағдарламалары бойынша кеңес беру;

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша кеңес беру;

10.30-16.00

Кездесулер, денсаулық сақтау қызметтерін көрсету бойынша кеңес беру;

«Тәуелсіз Қазақстан» акциясы бойынша ГАЛА КОНЦЕРТ

Байланысушы тұлға: Көлдеева Гүлзат

Байланыс телефондары : +7 7242 55 11 18.