Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Жамбыл облысында аяқ-киім фабрикасына пресс-тур өтті

30 қараша 2016 ж., 22:45
Жамбыл облысында жеңіл өнеркәсіп саласындағы ең көне зауыттардың бірі «ТаразКожОбувь» ЖШС «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қолдауымен өндіріс қуатын және өнім түрлерін ұлғайтпақ. 

Құрым, қатты, күдері тері илейтін және аяқ-киім фабрикасынан тұратын былғары-аяқ киім комбинаты, Қазақстанның ең ірі жеңіл өндіріс орындарының бірі болатын. Мекеме 35 жыл көшбасшы өнеркәсіп саналды. Алайда 90 жылдың орта кезеңіндегі экономикалық күйзеліс кезіне тап келді. Көрсеткіштерді салыстырып көрсек: 1990 жылы тері комбинатында 5000 астам адам жұмыс істеп, жылына 5000000 аяқ киім жұбын шығаратын, бүгінде «ТаразКожОбувь» ЖШС-інде 340 адам жұмыс істеп, жылына 300 мың жұп аяқ киім шығаруды жоспарлауда.

«Тараз Кож Обувь» компаниясының құрылымында бір былғары және бір аяқ киім цехы жұмыс істеп тұр. Дәл осыларды пресс-тур барысында жергілікті БАҚ өкілдері аралап, кәсіпорын басшылығының ескі цехтарға жаңа өмір беру мақсатында барша жұмыс жүргізіп жатқанына көз жеткізді.Яғни заманауи құрал жабдық сатып алып, жаңа технологияларды енгізіп, шығарылатын өнім түрлерін ұлғайтқан.

Серіктестік 2008 жылы қомақты қаржы алды. Сол жылы «Нұрбанк» АҚ арқылы 10 миллион АҚШ доллары көлемінде несие алу келісім шартына қол қойылған болатын. 2009 жылы өндірісті жаңғырту және қайта құру жұмыстары шеңберінде Италия, Чехия, Югославиялық фирмалардан жаңа жабдықтар сатып алып, аяқ-киім фабрикасына, әр қайсының құны бір миллион евродан асатын екі кеңейтілген спектрлі Германиялық «Desma» құйма агрегаттарын сатып алды.

Соның арқасында өндірілетін өнім сапасын жақсартып, өнім түрлерін ұлғайту мүмкін болды. Бүгінгі күні «ТаразКожОбувь» мекемесі жоғары сапалы вет-блю және крас секілді жартылай фабрикаттарды экспортқа шығару мүмкіндігі бар.

Былғары өндіріс мекемесінің жоба бойынша қуаты жылына 7 775 тонна шикізат және 65 миллион шаршы дециметр дайын өнім. Заманауи Италиялық технологияны енгізу арқасында, мұнда аяқ киімнің жоғарғы жағына және тері жартылай фабрикаттарына арналған аса қалыңдатылған гидрофобты (су жұқтырмайтын әсерімен) хромды былғары өндірісі жүзеге асуда. Осы материалдан жасалған арнайы және жұмыс аяқ киімі, химия кәсіпорындарында, армияда және әлеуетті құрылымдарда жоғары сұранысқа ие. Негізінен кәсіпорын ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстардың арқасында жұмыс істеуде.

— Біздің өндіріс үлкен үміт күттіреді, себебі былғары және жүн өндіруге арналған шикізатымыздың барлығы табиғи. Барлық процесті — былғарыны өңдеу және аяқ киім өндірісіне дейінгі — өзіміз жүргіземіз, өйткені шикізат өңдеу сапасына, ақырғы өнімнің сапасы байланысты болады. Моделдің түріне байлансты, Қазақстандық үлестің мөлшерін 90 пайызға дейін жетеді. Химиялық қоспаларды, бояғыштарды және басқа қоспаларды шет елден алуға мәжбүрміз. Жақында Испаниядан және Германиядан тотығу және бояу химикаттарын алғанбыз, бүгінде олар сынақтан өтуде, — деді, бас директордың орынбасары Мухтар Шаюнусов.

Былғары өнеркәсібінде операциялар көп — ылғалдандыру, күлдеу, тотықтыру, қостау, бояу, және олардың барлығы технологиямен сәйкес жүзеге асырылады. Мамандар өз ісін өте жақсы біледі. Мекемеде 30 жылдан аса қызмет істейтін, инженерлік-техникалық жұмыскер ардагерлері бар. Олар Файзулло Исмаил-Ахунов, цех бөлімінің басшысы, және Наталья Бажина, кезінде күніне 720 жұп аяқ киім шығарған, цехтің басшысы.

Серіктестікте басқа құрылымдық бөлімшесі бар — бес адамнан тұратын тәжірибелік топ, олар: үлгіші, технолог, киім пішуші, тартушы, тігінші. Ең «қымбат» мамандарды, кәсіпорын шет елдерден шақыруға мәжбүр болды, себебі кей саладағы мамандар бізде жоқ. Үлгіші — Ресейден, технолог — Украинадан, былғары өнім маманы – Пәкістаннан. Осындай командамен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамның қолдауымен кәсіпорын келесі жылы әйел азаматтар аяқ киімінің өндірісін бастамақ. Әзірше, арнайы және басқада дүкендерде ерлер аяқ киімінің ассортименті ғана сатылады, аладайда стендттерде көрсетілген әйел азаматтардың үлгілері де, айтарлықтай қызықты.

— Осы жылдың наурыз — сәуір айларында біз «Qazaq bank»-і арқылы, айналым қаражатын толықтыруға несие алдық. «Даму» қоры пайыздық үстемені ішінара субсидиялайды, ол біз үшін аса тиімді: біз өндірісті жандандырдық, алған қаржыны қайтарып, енді жаңа несиеге өтінім әзірлеп жатырмыз. Барлығы ойдағыдай болса, 2017 жылы біз өзіміздің барлық әйел азаматтарды аяқ киіммен қамтамасыз етеміз, — деді М.Шаюнусов.