Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алматыда қазақстан-үнді кәсіпкерлікті дамыту орталығы құрылатын болады.

5 мамыр 2010 ж., 09:06

Баспасөз хабарламасы

30.04.2010 ж. 

29 сәуірде Индиядан құрамында үш адаммен Ахмедабад қ. Үндістан кәсіпкерлікті дамыту институтының (КДИ) директоры, доктор Динеш Авастхи бастаған делегация Алматыға жұмыс сапарымен келді.

Үнді делегациясы сапарының мақсаты – Алматы қаласында қазақстан-үнді бірлескен кәсіпкерлікті дамыту орталығын Қор негізінде құру туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ келіссөздер жүргізу.

Сапар 2009 ж. 24 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Үнді Республикасы Үкіметі арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы Меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылды. Үнді Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметіне Алматы қаласында қазақстан-үнді кәсіпкерлікті дамыту орталығын құруға көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Жер жүзінде адам ресурстарын дайындау жөнінде және бүкіл әлемде кәсіпкерлікті дамыту институттарын/орталықтарын құруда қолдау көрсету бойынша алдыңғы қатарлы орталық ретінде танылған Ахмедабад қаласындағы Индия кәсіпкерлікті дамыту институты жобаны Үнді Үкіметі атынан орындау үшін, техникалық агент ретінде таңдап алынды.

Делегация Алматыда екі күн болуды жоспарлап отыр, олар жұмыс барысында кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарының, муниципалды өкімет өкілдерімен, сондай-ақ тұрғындарға бизнес-оқытуды жүзеге асырушы ұйымдармен кездесулер өткізеді.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын (КҚО) құру «Даму» Қорының ШОБ қаржылай емес қолдау жөніндегі әзірлеп жатқан бағдарламаларының бір тармағы болып табылады. КҚО құрудың: бастапқы ақпарат беру; «бухгалтер – әр ауылға» атты жекелеген мамандыққа оқыту; ақпараттық, консалтингтік, әдістемелік қызмет түрлерін көрсету сияқты үш нұсқасы қарастырылуда.

Сондай-ақ, осы бағдарламаны іске асыру барысында әлеуетті әріптестер Оңтүстік Корей кәсіпкерлікті дамыту орталығы мен USAID –ты да қарастыруда.

Ақпарат үшін:

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру және мемлекеттің шағын бизнесті қолдауға бағытталған қаржы қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында банктік емес қаржы мекемесі ретінде жабық типтегі акционерлік қоғам түрінде құрылған. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ 2006 ж. бастап, 100% акциясы «Самұрық-Қазына Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тиесілі ұлттық даму институты болып табылады. «Даму»Қорының миссиясы –шағын және орта бизнестің, сонымен қатар Қазақстан микроқаржы ұйымдарының қаржы және консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі интегратор және оператор рөлінде сапалы дамуына жәрдемдесу.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ баспасөз хабарламасы

Тел: 8-(727)244-55-66 (ішкі 244; 229); факс: 244-82-64;

e-mail: bektur@fund.kz