Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қазақ бизнесінің дағдарыстан кейінгі дамуына мемлекет тың серпін бермек. Үкімет «бизнестің жол картасы 2020» сынды сүбелі бағдарламаны бастады.

Осы аптада, экономикалық даму және сауда министрлігі, қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы, «даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» және екінші деңгейлі банктер мен барлық облыстың әкімдігі, арнайы келісімге қол қойды. Құжатта бағдарламаның үш бағытын жүзеге асыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін субсидиялау қарастырылған. Бұл үшін республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлініп отыр. Қаражаттың 12 миллиарды жаңа бизнес бастамаларды қаржыландыруға, 16 миллиарды кәсіпкерлік секторды сауықтыруға және 2 миллиарды өнімдері экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдауға жұмсалмақ. Үкімет басшысы кәрім мәсімовтың айтуынша, дағдарыстан кейінгі кезеңге аяқ басқан қазақстан, өз кәсіпкерлеріне бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер беріп отыр. Мысалға кәсіпкер, бактен 12 пайыздық үстемемен несие алса, мемлекет оның 5 пайызын төлеуді өз мойнына алады. Нәтижесінде, кәсіпкер банктен бар жоғы 7 пайыздық несие алатын болып шығады. Премьер-министрдің сендіруінше, мұндай жеңілдіктермен несие алу, еуроодақ елдерінде де мүмкін емес. Толығырақ ержан мұхаммедғалымұлы әңгімелейді.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық даму және сауда министрі:
- Бұл Қазақстандық тауар өндірушілер үшін қаржы ресурстарына қол жеткізуге және кеден одағы шеңберінде ашылатын жаңа мүмкіндіктерді барынша пайдалануға жағдай жасау болып табылады. Отандық кәсіпкерлерді мемлекет тарапынан қолдау үшін Үкімет «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын қабылдады.

Бағдарламаға биыл республикалық бюджеттен 30 миллиард теңге бөлінеді. Қомақты қаржы жаңа бизнес бастамаларын қолдауға, кәсіпкерлік секторды сауықтыруға және экспортқа бағдарланған өндірісті демеуге бағытталады. Үкімет елді индустриаландыруға арналған бағдарламаның өңірлердегі шикізаттық емес сектор өнімдерінің де өсімін арттырарына сенімді.
Азат Перуашев, Қазақстанның «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының төрағасы:
- Өзіміздің өнімге экспортқа шығаратын 10 пайызға несиенің ставкасы бір пайызға түседі. Ол деген яғни, сол субсидия 90 пайызға дейін жетуі мүмкін.

Бүгінде сыртқа өнім шығаратын кәсіпорындарымыз санаулы. Көбіне, экспортқа шикізат жөнелтумен шектелеміз. Ал онжылдық бағдарламада шикізаттық емес секторға баса көңіл бөлінген.
Әбіләкім Жұмахметов, «БТА банк» Басқармасы төрағасының орынбасары:
- Шетелге 10 проценттен көп шығаратын өнімдері бар мекемелерге үлкен көмек. Өйткені, Үкімет олардың шығарған шығынның 5-8 пайызын өзі көтеріп отыр. Бұл әлемде болмаған дүние. Өйткені, қазір қарап отырсаңыз, бірде 7, бірде 4 пайыз болып отыр кәсіпкерге.
Ержан Мұхаммедғалымұлы, тілші:
- Отандық кәсіпкерлердің айы оңынан туу үшін «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы оң ықпал еткен. Мәселен, 12 пайыздан аспайтын номиналды мөлшерлемесі бар кредиттерге субсидия бөлінеді. Кәсіпкер бар болғаны оның 7 пайызын ғана төлейді. Ал қалған 5 пайызын мемлекет өз мойынына алады.

Несиелер ұзақмерзімді. 3 жылдан 10 жылға дейін беріледі. Субсидиялау ішінара кепілдік беру жағдайы мүшкіл кәсіпорындарға жон бітірмек. Өйткені, олар екінші деңгейлі банктердің мөлшерлемесі жоғары несиесін ала алмады. Дағдарыс кезінде мемлекеттің жеңілдетілген несиесі мөлшерлемесінің өзі 12,5 пайыз болды. Ал бұл бағдарлама болса, кәсіпкерліктің дағдарыстан кейінгі дамуына даңғыл жол ашпақ.


Бексұлтан Құрманқұлов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі:
- Посткеңестік елдердің арасында дәл осындай көмек алғаш болып Қазақстанда қолға алынып отыр. Себебі, экспорттаушыларға 4 пайызбен төлетіп, оның қалған пайыздық ставкасына субсидия беру 8 пайыз көлеміне дейін басқа елдерде жоқ.
Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:
- Үкімет өздеріңізбен тізе қоса отырып, біздің ұттық, яғни Қазақстан бизнесінің жаңа күшке ие болуына, дағдарыстан кейінгі кезеңде алға жылжуы үшін тамырына жаңа қан жүгіртуге қолдан келгеннің барлығын жасауда.

Кәсіпкерлікке барлық жағдай жасалғанын алға тартқан Үкіметбасы «енді бәрі өз қолдарыңызда» деді бизнес қауымдастығы өкілдеріне сөзін арнап.