Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Мүгедек кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсарту, оларға қолдау көрсету еліміздің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Тағдыр тәлкегімен мүгедек атанса да мойымай, өмірден өз орындарын тауып, қоғамның толыққанды мүшесі болуға ұмтылатын рухы мықты жандар аз емес. Дегенмен де, олардың мемлекет тарапынан ғана емес, мүмкіндігі бар жұртшылық тарапынан да көмекке мұқтаж болатын жағдайлары жиі кездесіп жатады.

Осыған орай, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» мүгедек кәсіпкерлерді қолдауға арналған арнайы бағдарлама ашып, оны жүзеге асыра бастады. «Даму-Көмек» бағдарламасының басты мақсаты мүгедек кәсіпкерлердің кездесіп отырған қиындықтары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында айтып, жазу арқылы оған жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ, құқықтық және ғылыми негізде білім беру. Мүгедек кәсіпкерлерге бизнестің қыр-сырын меңгерту үшін қашықтан оқыту бағдарламасы бойынша арнайы курстар өткізіледі. Бұл курстар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» қорының сайтында орналастырылады.

Қордың мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұл бағдарламасы оларды қаржылық жағынан қолдауды мақсат етпейді. Дегенмен де, қалталы кәсіпкерлердің назарын оларға көмектесу шараларына қатысуға аударып, екі арада жалғастырушы қызметін атқаруды көздейді. Бұл арада өз істерін табысты жүргізіп жатқан кәсіпкерлерден нақтылай қаржылық қолдау талап етілмейді, олар мүгедек кәсіпкерлерге құрал-жабдықтар арқылы, болмаса өз тәжірибелерін ортаға салып, ақыл-кеңес беру жолымен де көмек керсете алатындығын атап еткен жөн.

Мүгедек кәсіпкерлерге қол ұшын беруге ниет еткендер www.damu-komek.kz - «Даму-Көмек» сайтына хабарласулаына болады.