Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын жариялады

Алғашқы жартыжылдықтағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының таза табысы алдын-ала мәліметтер бойынша 5 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы жартыжылдық қорытындысын жария еткен қордың басқарма төрағасы Болат Мұқышев айтты.

«Алғашқы жартыжылдықта былтырғы жылдың ортасында алдағы 10 жылдыққа арналып, қабылданған қор қызметінің стратегиясы негізінде жұмыстар атқарылды. Бұл ретте айта кетерлігі қаржылық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай алға жылжу бар. Алдын-ала мәліметтер бойынша жартыжылдықтағы таза пайда 5 миллиард теңгеден асады. Мемлекеттік сатып алу 417 миллион теңгені құрады. Бұның ішінде Қазақстандық үлес 89 пайыз» деді «Даму» КДҚ басқарма төрағасы.

Оның айтуынша қор жартыжылдықта барлық жоспарларын артығымен орындаған. «Өткен 6 айда негізгі бағдарламаның бірі «Даму -Аймақтар» бағдарламасы бойынша 3 траншпен 59,6 миллиард теңге несиелендіруге жіберілді. Жалпы алғанда «револьверлік» бағытпен несиелендіру көлемі 422 миллиард теңгені құрады, бұның ішінде әр келісімнің орташа сомасы 46 миллион теңгені құрады» дейді Б.Мұқышев.