Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Алғашқы жартыжылдықтағы « Даму » кәсіпкерлікті дамыту қорының таза табысы алдын - ала мәліметтер бойынша 5 миллиард теңгеден асады

Алғашқы жартыжылдықтағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының таза табысы алдын-ала мәліметтер бойынша 5 миллиард теңгеден асады. Бұл туралы жартыжылдық қорытындысын жария еткен қордың басқарма төрағасы Болат Мұқышев айтты.

«Алғашқы жартыжылдықта былтырғы жылдың ортасында алдағы 10 жылдыққа арналып, қабылданған қор қызметінің стратегиясы негізінде жұмыстар атқарылды. Мемлекеттік сатып алу 417 миллион теңгені құрады. Мұның ішінде Қазақстандық үлес 89 пайыз» деді «Даму» қорының басқарма төрағасы. Оның айтуынша қор жартыжылдықта барлық жоспарларын артығымен орындаған.

«Өткен 6 айда негізгі бағдарламаның бірі «Даму -Аймақтар» бағдарламасы бойынша 3 траншпен 59 миллиард теңге несиелендіруге жіберілді», - дейді Болат Мұқышев.