Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акцинерлік қоғамының 2010 жылға жүзеге асыруға арналған бағдарламалсы

Қазіргі таңда республика бойынша жалпы 410 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар, солардың ішінде тек 9 мыңы жұмыс орындарымен қамтамассыз етілген. Бұл көрсеткіш басқа дамыған елдермен салыстырғанда өте төмен болып табылады.

Сол себептен «Даму» қорының «Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі .

Арақашықтықтан оқыту өз бизнесін ашу және оны әртүрлі бағытта дамыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын Қордың корпоративтік сайтына орналастыру арқылы іске асырылатын болады. Одан бөлек , мүгедек- кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша экспресс-курсын тыңдаушылар қатарына қосылады.

«Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.

«Даму» қорының әйел – кәсіпкерлігін әрі қарай ынталандыру.

Әйел кәсіпкерлігін ынталандыру Елбасы тапсырмасымен бекітілген мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда әйел-кәсіпкерлерінің үлес салмағы република бойынша барлық жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің 50 пайызына жақындады.

Сонымен қатар, мемлекетпен ауылдағы әйел-кәсіпкерлердің жобаларын микрокредиттеуде де үлкен көңіл бөлінуде. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы әйел-кәсіпкерлерге 10 мыңнан астам микрокредит барлығы 3 млрд. теңгеге қаржыландырылды.

Еліміздегі әйел-кәсіпкерлердің басым бөлігі өз бизнесін бастауда, құжаттарды рәсімдеуі оңайлығымен ерекшеленетін микрокредиттерді пайдаланады. Алайда, осы микрокредиттердің пайыздық мөлшерлемесі банктердің пайыздық ставкаларынан біраз жоғары болып келеді.

Сондықтан да, «Даму» қоры әйел-кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау мақсатында «Қаражатты кейіннен әйел-кәсіпкерлерді микрокредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерде шартты түрде орналастыру Бағдарламасын» әзірледі.

«Даму» қоры әйел-кәсіпкерлігін микрокредиттеу үшін үш серіктес-банктерге: «Банкцентркредит» АҚ, «Еуразиялық Банк» АҚ және АО «Цеснабанк» АҚ өз қаражатын орналастырады. Әрі қарай Серіктес-банктер негізгі құралдарды жаңарту немесе айналым қаражатын толықтыру мақсаттарында, жылдығына 14% аспайтын жылдық тиімді пайызымен, 3 000 000 теңгеге дейінгі қаражатты әйел-кәсіпкерлерге ұсынады. Несие мерзімі айналым қаражатын толықтыру мақсатында алынса – 36 айға дейін, негізгі құралдарды жаңарту мақсатында болса – 60 айға дейін теңге валютасымен беріледі.