Call-орталығы:

1408+7 800 080 18 90

 
Қалалық тел.:

+7 (727) 244 55 66

Қашықтықтан оқыту системасы

Қазақстанда кәсіпкерлерді тексеретін мемлекеттік органдар саны қысқартылады

19 тамыз 2010 ж., 10:50

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен құқық қорғау органдарын реформалау мәселесіне арналған кеңесте Қазақстанда кәсіпкерлерді тексеруге құқылы мемлекеттік органдар саны қысқартылатындығын мәлімдеді. «Бизнесті құқық қорғау органдарының қысымынан қорғау және кәсіпкерліктің дамуына серпін беру үшін, әсіресе, экономикалық саладағы қылмыстарға айрықша назар аударылуы қажет » деген Елбасы рейдерліктің, бөтеннің меншігін тартып алу жолдарына тосқауыл қою керектігін де қадап айтты. Елбасының пайымдауынша, бұл шаралар бизнестің мемлекетке деген сенімін арттыруға және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көтеруге мүмкіндік береді. «Құқық қорғау органдарының қазіргі кездегі құрылымы, бірқатар қызметтері мен өкілеттілігі қоғамда қалыптасқан нарықтық қатынастарға сәйкес келмейді. Құқық қорғау органдарының қызметі басқару жүйесінің қолайсыздығымен, қызметтердің қосарлануымен және қиылысуымен сипатталады. Сапалы көрсеткіштердің көлемдік көрсеткіштерге ауысуы орын алды»,-деп қадап айтты Мемлекет басшысы. Бәрінен бұрын қылмыстық саясатты ізгілендіру мәселесінде табанды түрде алға жылжу қажет екенін айта келе, Нұрсұлтан Назарбаев бұл бағытта заңнама даярланатынын жеткізді.

ҚазАқпарат материалдары бойынша 17.08.2010